Цифрлық әдіскер

Сайт туралы

Мақсаты

«Цифрлық әдіскер» цифрлық ресурсы болашақ информатика мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін цифрлық оқыту модельдері, жасанды интеллект құралдары және оқыту аналитикасы негізінде қалыптастыруға арналған.

Міндеттері

  • AI-TPACK моделі негізінде әдістемелік құзыреттілікті дамыту
  • SAMR моделі арқылы цифрлық технологияларды тиімді кіріктіру
  • Жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде қолдану мәдениетін қалыптастыру
  • Оқыту аналитикасы негізінде білім нәтижелерін бағалау
  • Цифрлық педагогикалық ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту
  • Болашақ мұғалімдердің кәсіби цифрлық құзыреттілігін жетілдіру

Ресурс ерекшелігі

AI негізіндегі оқу материалдары
Learning Analytics құралдары
Python бағдарламалау курстары
Әдістемелік материалдар қоры
Сандық білім беру ресурстары
Сабақ жоспарлары мен практикалық тапсырмалар

Кімдерге арналған?

Студенттерге

Информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға цифрлық педагогикалық құзыреттерін дамытуға арналған.

Оқытушыларға

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына, цифрлық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу үшін арналған.

Мектеп мұғалімдеріне

Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына және заманауи цифрлық құралдарды қолдануына арналған.

Негізгі бағыттары

AI-TPACK

Жасанды интеллектті педагогикалық, технологиялық және пәндік біліммен ықпалдастыру моделі.

SAMR

Цифрлық технологияларды сабаққа енгізудің төрт деңгейлі моделі: Substitution, Augmentation, Modification, Redefinition.

ЖИ құралдары

ChatGPT, Gemini, Claude, Copilot және басқа генеративті AI жүйелерін оқу мақсатында тиімді пайдалану.

Оқыту аналитикасы

Білім алушылардың оқу әрекеті туралы деректерді жинау, талдау және педагогикалық шешім қабылдау.

Әдістемелік құзыреттілік

Оқу процесін жобалау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және бағалау қабілеттерінің жиынтығы.

Ресурс құрылымы

  1. 1Басты бет
  2. 2Цифрлық оқыту модельдері
  3. 3Жасанды интеллект құралдары
  4. 4Оқыту аналитикасы
  5. 5Әдістемелік қор
  6. 6Кері байланыс

Пайдалану алгоритмі

  1. 1Ресурс бөлімдерімен танысу
  2. 2Цифрлық оқыту модельдерін теориялық тұрғыда меңгеру
  3. 3Жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлауда қолданып көру
  4. 4Әдістемелік қордағы курстарды (Python, ИТМ, ВР және т.б.) меңгеру
  5. 5Оқыту аналитикасы негізінде өз нәтижесін бағалау
  6. 6Кері байланыс формасы арқылы пікір мен ұсыныс білдіру

Қандай нәтижеге жеткізеді?

AI құралдарын тиімді қолданады
цифрлық сабақтарды жобалайды
AI-TPACK моделін тәжірибеде пайдаланады
SAMR деңгейлері бойынша цифрлық ресурстарды әзірлейді
оқыту аналитикасының нәтижелерін талдайды
әдістемелік құзыреттілігін жетілдіреді
кәсіби цифрлық мәдениетін қалыптастырады

Автор

Абдрашова Эльмира Тлесовна

PhD докторант · М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Зерттеу тақырыбы: «Цифрлық оқыту модельдері негізінде болашақ информатика мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру»

Ғылыми жетекші

Кемельбекова Жанар Сатыбалдиевна

Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор — ғылыми жетекші

Шетелдік ғылыми кеңесші

Веряев Анатолий Алексеевич

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор — шетелдік ғылыми кеңесші

1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2002 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің «Информатика» мамандығын үздік дипломмен бітірген, ал 2006 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын аяқтаған.

2007 жылдан бастап бірнеше жоғары оқу орнында (Қ. Яссауи атындағы ХҚТУ, Академиялық инновациялық университет, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университет, Шымкент университеті) оқытушы, аға оқытушы және декан орынбасары қызметтерін атқарған. 2024 жылдан бастап Аймақтық инновациялық университетінің «Ақпараттық коммуникациялық технология» кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми жолында 56 ғылыми мақала, 10 оқу құралы және 15 оқу-әдістемелік құрал жарыққа шыққан, соның ішінде «Python бағдарламалау тілі», «Информатиканың теориялық мәселелері» және «Виртуалды робототехника» оқулықтары бар. Соңғы бес жылда халықаралық рецензияланатын Scopus-индекстелген журналдарда (IJACSA, IJIET) SAMR, TPACK және жасанды интеллект интеграциясы тақырыбында үш мақала жарияланды.

«Информатиканың теориялық мәселелері электронды оқулығы» және «Цифрлық әдіскер» ақпараттық цифрлық білім беру ортасы үшін екі авторлық куәлікке ие. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі мен «Жылдың үздік жас ғалымы» атағының иегері.

Таңдамалы жарияланымдар

  • Integration of SAMR, TPACK, and Artificial Intelligence in Computer Science Teacher Education: Impact on Academic Achievement and Digital Competencies. International Journal of Information and Education Technology, 16(5), 2026.
  • The impact of the SAMR model with IT-Enhanced Tools on student performance. International Journal of Information and Education Technology, 15(4), 2025.
  • Offensive Language Detection on Social Media using Machine Learning. International Journal of Advanced Computer Science and Applications, 15(5), 2024.

Авторлық куәліктер

  • «Цифрлық әдіскер» ақпараттық цифрлық білім беру ортасы — авторлық куәлік №58016 (15.05.2025)
  • «Информатиканың теориялық мәселелері» электронды оқулығы — авторлық куәлік №70706 (22.04.2026)
emon_81@mail.ru+7 777 593 43 13Шымкент қаласы

Цифрлық ресурсқа пікір білдіргіңіз келе ме?

Кері байланыс формасына өту