Цифрлық әдіскер
Цифрлық оқыту модельдері · 4/9

Bloom Digital Taxonomy

Дәстүрлі Блум таксономиясының цифрлық ортаға бейімделген нұсқасы — алты когнитивтік деңгей арқылы цифрлық құралдарды оқу мақсатына сәйкестендіру.

Барлық модельдерАвторлар: Andrew Churches, 2008 ж. (Bloom, 1956 және Anderson & Krathwohl, 2001 негізінде)

Теориялық негіздеме

Bloom Digital Taxonomy — дәстүрлі Блум таксономиясының цифрлық білім беру ортасына бейімделген нұсқасы. Бұл модель білім алушылардың танымдық әрекеттерін цифрлық технологиялар арқылы дамытуға бағытталған. Оны алғаш рет Andrew Churches (2008) Бенджамин Блумның (1956) және Anderson & Krathwohl (2001) жаңартылған таксономиясы негізінде ұсынған.

Модельде білім алушылар қарапайым ақпаратты есте сақтаудан бастап, жаңа цифрлық өнімдер әзірлеуге дейінгі алты когнитивтік деңгейді кезең-кезеңімен меңгереді. Қазіргі уақытта бұл модель жасанды интеллект, бұлттық технологиялар, интерактивті платформалар және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы сыни ойлауды, шығармашылықты және XXI ғасыр құзыреттерін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Модельдің инфографикасы

Bloom Digital Taxonomy инфографикасы

Bloom Digital Taxonomy деңгейлері

Remember (Есте сақтау)

Ақпаратты есте сақтау. Google Search, Quizizz, Kahoot, Moodle Quiz.

Understand (Түсіну)

Ақпараттың мағынасын түсіндіру. Padlet, Google Docs, ChatGPT арқылы түсіндірме алу, Canva Whiteboard.

Apply (Қолдану)

Алған білімді тәжірибеде қолдану. Python, Google Colab, Scratch, Visual Studio Code.

Analyze (Талдау)

Ақпараттарды салыстыру, құрылымдау. Excel, Power BI, Google Sheets, Orange Data Mining.

Evaluate (Бағалау)

Нәтижелерді бағалау және дәлелдеу. Moodle Rubric, Peergrade, ChatGPT арқылы кодты бағалау, GitHub Review.

Create (Жасау)

Жаңа цифрлық өнім жасау. Canva, Figma, ChatGPT, Gemini, GitHub, Google Colab.

Информатика пәнінен мысал

Информатика сабағының үлгісі: Python тіліндегі циклдер

RememberKahoot арқылы Python командаларын есте сақтау
UnderstandChatGPT көмегімен циклдердің жұмысын түсіндіру
ApplyGoogle Colab-та Python бағдарламасын орындау
AnalyzeBubble Sort пен Quick Sort алгоритмдерін салыстыру
EvaluateGitHub-та басқа студенттің кодына пікір беру, ChatGPT көмегімен қателерді талдау
CreateChatGPT, Google Colab және Canva қолдана отырып AI жобасын әзірлеу

Bloom Digital моделінің артықшылықтары

цифрлық технологияларды оқу мақсаттарымен байланыстырады
білім алушылардың танымдық дағдыларын жүйелі дамытады
жобалық және зерттеушілік оқытуды қолдайды
жасанды интеллект құралдарын сабаққа тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді
шығармашылық пен сыни ойлауды дамытады
оқыту аналитикасын ұйымдастыруға қолайлы